Балуан Шолақ спорт кешенінде баскетболдан әйелдер арасындағы Орта Азия және Қазақстан командаларының халықаралық турнирі өтуде. Түркістан облысының баскетбол және 3х3 федерациясы ұйымдастырған сайыста ақтаулық – «Каспий», шымкенттік – «Қазығұрт Марс», түркістандық – «Тұран», Қырғызстан Республикасының Бішкек қаласынан келген – «Эдельвейс» командалары өзара күш сынасуда.

Қол добы шеберлері сайысының ашылу салтанатында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Полат Қырықбаев пен ҚР мемлекеттік жаттықтырушы Иван Гайна құттықтау сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.

Халықарлық турнирге «Alageum electric» компаниясы демеушілік жасап отыр. Жүлдегер командаларға кубок, медальдар мен грамоталар табысталмақ. Толығырақ қосымша мәліметті назарларыңызға ұсынатын боламыз.
«Түркістан-ақпарат».