Денешынықтыру және спорт – қазiргi өркениетiмiздiң аса маңызды бiр саласы болып табылады. Сондықтан спорттың бұқаралық сипатын дамыту – мемлекетіміздің стратегиялық басым бағыттарының бірі саналады.
Түркістан облысы әкімінің бұқаралық спортты дамыту, халықты дене шынықтырумен айналысуға тарту және салауатты өмір салтын насихаттау тапсырмасын орындау аясында Келес ауданында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Соңғы 5 жылда аудан аумағында 9 кіші футбол алаңшалары салынды. Сондай-ақ, биыл Абай ауылында спорт кешенінің құрылысы басталды. Нысан 2024 жылға өтпелі. Спорт саласындағы инфраструктураны дамытудың нәтижесінде спорттық сайыстарда ауданымыздың, облысымыздың сонымен қатар еліміздің атынан әлемдік ареналарда бақ сынаған саңлақтарымыз жүлделі орыннан көрініп, ел мерейін арттырып отыр.
Солардың қатарында Келес ауданының тумасы, Санжар Ташкенбай небәрі 19 жасында биылғы жылы бокстан әлем чемпионатында топ жарды. Ал, Есенгелді Асылжан, еркін күрестен Қазақстан чемпионатынан І-ші орын алып, өңірдің мерейін үстем етті.
