ҚАЙСАР ШӘМШІДИНОВ — ОТЫРАРДА ӨТКЕН ҚАЗАҚ КҮРЕСІНІҢ «ТҮЙЕ ПАЛУАНЫ» АТАНДЫ

544 көрілім

Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен Отырар ауданының әкімдігі мен «Аманат» партиясы Түркістан облыстық филалының колдауымен Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында орналаскан «Оқсыз» спорт кешенінде спорт саласының ардагері, Түркістан облысы қоғамдық Кеңес мүшесі, грек-рим күресінен КСРО спорт шеберлігіне үміткер, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы, Қазақстан Республикасының Құрметті спорт кайраткері, Отырар ауданының Құрметті азаматы Төрәділ Тұрабаевтың 70 жасқа толған мерей тойына орай, қазақ күресінен республикалық түйе палуандар сайысы өтті.

Аталған додаға 30 жуық балуан қатысып, мықтыларын анықтады. Білекті де жүректі жігіттер тайталасқан күрес бәсекесінді шардаралық Қайсар Шәмшідинов бас жүлдені иеленіп, түйе палуан атанды. Ал, Қызылорда облысының үміті Мақсат Исағабылов екінші орынды иеленсе, Түркістанның түлегі Бибарыс Әбдуғани үшінші орынды қанағат етті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы тағайындалған қаржылай сыйақы мен медальдар және жеңімпазға арналған белбеумен марапатталды.

Құттықтаймыз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы