ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНЫҢ СПОРТШЫ ОБЛЫСТЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ II ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ

547 көрілім

2023 жылдың тамыз айының 29 күні Түркістан қаласында, Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында спорт мектептерінің директорлары және облыстағы аға жаттықтырушылардың қатысуымен жиын өткізілді.

Басқарама басшысы Қ.Жолдықараевтың қатысуымен өткен жиында облыстағы жалпы 52 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің 2022-2023 оқу жылында атқарған жұмыстарының есептері тыңдалып, спортшылардың қол жеткізген жетістіктері бойынша мәліметтер айтылды.

Жоғары жетістіктерге қол жеткізіп, үздіктер қатарынан көрінген Жетісай аудандық №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары облыстық чемпионаттарда

30 алтын, 30 күміс, 28 қола және Қазақстан Республикасының чемпионаттарында 3 алтын, 7 күміс, 2 қола медальдармен марапатталған. Жиын барысында Жетісай аудандық №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі спортшыларының жетістіктері олыстық деңгейде жүлделі II орынға ие болды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы