КӘСІПКЕРЛЕР ҚОЛДАУ КӨРСЕТКЕН – “МЕНІҢ КӘСІБІМ”

1  504 көрілім

“Бұл – менің кәсібім!” дейді әлеуметтік жобаның шарапатын көргендер. Қазан айында аталған Республикалық жоба Түркістан өңіріне жол тартқан еді. Ал, бүгінде 100-ден аса тұрғын өтініш беріп, оның 64-і кәсіпкерлердің қолдауына ие болып отыр. Оның ішінде үш аудан және Арыс, Кентау, Түркістан қалалары да бар. Неліктен 64 қана? Осы сұрақ көкейіңізге бірден оралған болар. Дегенмен, азаматтар бұл мүмкіндікті ойдағыдай пайдалана ала ма? Өз жағдайын жақсарта ала ма? Расында, осы жобаға зәру ма? Түскен өтініштерді бақылау барысында әр отбасыға арнайы барып, осы сұрақтардың жауабы алынған еді.


Түркістандық 16 отбасының алға ұмтылуына қолғабыс тигізгендер – ол қала кәсіпкерлері. Олардың осындай азаматтарға көмек қолын созғанын айтпасқа болмас. Алайда, рухани шаһардың бизнес өкілдері атын айтып, түсін түстеуге қарсылық танытқан-ды. Десе де, жоба авторы Айжани Нұрланованың бастамасына еш іркілместен қолдау танытқандарға алғыс ерекше болуы керек.


Айта кетейік, жоғарыда жазғандай, 64 отбасыға 13 млн. қаржы жиналып, ақшалай емес, барлық керекті құрал-жабдықтармен үлестірілген болатын. Жоба авторының айтуынша, алда кәсіпкерлер қолына қарамай, мемлекет тарапынан қолдау көруі үшін ұсыныстар жіберілген. Өйткені, республика бойынша бұл жобаға аңсары ауып, көңіл бөлген жандар көп. Ал, оның барлығына көмек беру мемлекет тарапынан жүзеге асса нұр үстіне нұр болмақ.
Жанерке ЖАРЫЛҚАСЫН,
“Түркістан”.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы