ЖЕТІСАЙЛЫҚ ЖАСӨСПІРІМДЕР ПАНКРАТИОН СПОРТ ТҮРІНЕН ЖАҚСЫ НӘТИЖЕЛЕРМЕН ОРАЛДЫ

490 көрілім

Жетісай аудандық №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары 2023 жылдың тамыз айының 21-23 күндері аралығында Ордабасы ауданында спорттың панкратион (традишн, элит бөлімдері) балалар, жасөспірімдер, кадеттер, жастар, ересектер және ардагерлер арасында өткен Түркістан облысының ашық кубок жарысына қатысып келді.

Ауданымыздың жасөспірім спортшылары спорттық іс шараға қатысқан 230- ға жуық жасөспірмдер арасынан басым түсіп, жарыстың қортындысы бойынша 4-алтын, 3-күміс, 6-қола медальдармен марапатталып жеңімпаздар атанды.

Жаттықтырушылары: Сейтхал Батыржан, Әлимса Жандаулет

Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің атынан жеңімпаз спортшыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы