- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Қала әкімдігінің кіші мәжіліс залында Түркістан қалалық мәслихатының кезекті қырық сегізінші сессиясы өтті. Сессияны оның төрағасы Сәкен Ханділлаев ашып жүргізіп отырды. Жиынға қала әкімінің орынбасары Жандос Баирханов, мәслихат хатшысы Ғаппар Сәрсенбаев және мәслихат депутаттары қатысты.
Күн тәртібінде сегіз мәселе ұсынылып, 2018 жылғы қалалық бюджеттің атқарылуы мен қала әкімдігінің білім, сәулет және қала құрылысы, құрылыс бөлімдерінің атқарған жұмыстары талқыланды. Сондай-ақ, қалалық мәслихаттың 2018 жылғы 24 желтоқсандағы №41/213-VI «қалалық мәслихаттың 2019 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы» шешіміне, қалалық мәслихаттың 2018 жылғы 19 шілдедегі №35/182-VI «Түркістан қаласы әкімдігінің дербес құрамын бекітуге келісім беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу ортаға салынды. Қала әкімдігінің жанындағы «Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі» комиссияның дербес құрамы бекітіліп, кезекті сессияның төрағасы Сүлеймен Арыстанов болып сайланды. Осы шешімдер бойынша дауысқа салынып, халық қалаулылары бір ауыздан жақтап тиісті шешімдер қабылданды.