Аудан аумағында әр аптаның жұма күні ауыл мәдениетін дамыту, жас талант иелерін табу, көркемөнерпаздардың өнерін паш ету және ұлттық құндылықтарды халық арасында насихаттау мақсатында «Ауылым-алтын бесігім» атты көркем өнерпаздардың концерті ұйымдастырылуда. Бүгінде аталған іс-шара Сарыағаш қаласында орналасқан Орталық саябақта Құркеле ауылдық округі, Жаңаталап ауылдық клубының көркем өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты. Өнерпаздар келген көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Сонымен қатар, іс-шара барысында спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа аудан жастары белсенді қатысып, ойындар тартысты өтті.