- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Келес ауданының орталығы Абай ауылында спорт комплексінің құрылысы жүргізілуде. Аталған нысанның құрылысы үшін Асан қайғы көшесінде орналасқан бұрынғы мақта қабылдау пунктінің ішінен қажетті жер телімі қарастырылды. Бүгін аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев аталған құрылыс нысанының басында болып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын бақылады.
— Өскелең ұрпақты дұрыс бағытта тәрбиелеу, олардың бос уақытын тиімді өткізуге қолайлы жағдай жасау бағытында осы жұмыстар бастау алды. Ғимараттың сапасы, орналасуы бойынша ұсынысьарымызды құрылыс жұмыстары басталмас бұрын жобалаушыға ескерткен болатынбыз. Бірақ бірнеше кемшіліктер осы бастан көзге көрініп тұр. Оларды ретке келтіру, жұмысшы күшін көбейту және кемшіліктерді жою қажет,— деді аудан басшысы.
Айта кетейік, аталған аймақта «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасы аясында 600 орынға лайықталған жаңа мектептің құрылысы мен мұражай салынады. Сонымен қатар, бүгінде ауданда 2 мектептің құрылысы жүргізілуде. Қос құрылысқа тапсырыс беруші облыстық құрылыс басқармасы болып табылады. Ал, Жамбыл және Қошқарата елді мекендерінде мәдениет үйлерінің құрылысы аяқталуға таяу тұр. Сондай-ақ аудан бойынша «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасы аясында 2024 және 2025 жылдарға 5 мектептің құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарланған.
Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі