“БЕС ЖЫЛДЫҚҚА – БЕС ӘДЕБИ САПАР”

6  394 көрілім

Түркістанда Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай Облыстық мәдениет және туризм басқармасының қолдауымен, «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Бес жылдыққа – бес әдеби сапар» атты рухани мәдени іс-шарасының қорытынды кеші өткізілді. Кездесуге Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, өңірдің зиялы қауым өкілдері мен кітапханашылары қатысты.

Аталған іс-шара аясында «Ауыл кітапханаларына 20 мың кітап» акциясы қолған алынған болатын. Акцияның мақсаты – өңірдегі ауыл кітапханаларының қорын толықтыру.

Кездесу барысында облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев «Ауыл кітапханаларына 20 мың кітап» акциясы аясында жиналған 26 мың кітапты аудандық кітапханашыларға сыйға тартты.

Жетісай ауданына 1500 дана кітап үлестірілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы