2023 жылдың тамыз айының 10 тамыз күнi Жетiсай қаласында, 10 тамыз «Абай күні» күніне орай Жетісай аудандық мәдениет үйі мен аудандық орталықтандырылған кітапхананың ұйымдастыруымен «Ұлы халықтың-Ұлы Абайы» атты мерекелік іс-шара аталып өтті.
Биыл, қазақтың дара тұлғасы ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды көзқарасын исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор Абай Құнанбайұлының қазақ елімен өмір сүріп кележатқанына 178 жыл толып отыр.

Ұлы Абайды өмір, қоршаған дүние, табиғат, болмыс сыры, олардың заңдылықтары көп ойландырған, ол дүние сырына бойлап, өзін мазалаған сауалдарға жауап табуға тырысқан.
Абай, оның өлеңдерінен ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, тілі, рухы көрініс тауып, Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланды.
Ұлы ақынның шығармалары бүгін де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Абайдың ой-тұжырымдары баршамызға қашанда рухани азық. Абайдың мол мұрасы қазақ ұлтының жаңа сапасын қалыптастыруға қызмет етеді. Оның шығармаларындағы ой-тұжырымдар әрбір жастың бойында халқына, елі мен жеріне деген патриоттық сезімді орнықтырады. Сондықтан хакім Абай еңбектерінің нәрін өскелең ұрпақтың санасына сіңіру және өмірлік азығына айналдыру – ұлтты жаңғыртуға жол ашатын маңызды қадамның бірі.

Ия, осындай дара тұлғалы, дарынды ұлдары мен ұлыларын ұлықтаған айтулы іс-шара, ең алдымен Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен бастау алды. Сонымен қатар, Абайдың қазақтың халық музыкасында ерекше орын алатын ән шығармашылығы, қара сөздерімен өлеңдері кеңінен насихатталып, жиналған көпшілік мерекелік шарадан рухани азық алып, ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын білдірісіп қайтты.