ФОРУМ ӘРІПТЕСТЕРІМІЗ ҮШІН АСА ПАЙДАЛЫ БОЛДЫ

309 көрілім

«AMANAT» партиясынан барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының бірінші республикалық форумы өткені белгілі. Астана қаласында 2500-ден аса аманаттық мәслихат депутаттары ел тарихында тұңғыш рет өткізілген республикалық форумда бас қосты.

Еліміздегі барлық мәслихат депутаттарының 77%-ы – жергілікті өкілді органдардың «аманаттық» депутаттары. Жалпы жиында алдағы жұмыс бағыттарын талқылаудан бөлек, 11 панельдік сессия өтіп, қатысушыларға бейінді министрге, орталық мемлекеттік органның басшысына кез келген сұрақты тікелей қоюға мүмкіндік берілді.

«AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов өз сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда ұсынған «Әділетті Қазақстан мен Адал азамат» концепциясына ерекше назар аударды.

«Әділет пен адалдық – ажырамас ұғымдар. Ал осы ұғымдардың салтанат құруы үшін қоғамдық сана мен әлеуметтік құндылықтар өзгеруі керек. Сонда ғана көздеген мақсатымызға жетеміз. Бұл бізге де қатысты. Осы жолда «AMANAT» партиясы барлық игі істердің алғы шебінде жүруі тиіс. Халықтың сенімі бізге күш береді. Сол сенімнің арқасында, өткен сайлауда Мәжілісте де, мәслихаттарда да басым дауысқа ие болдық. Премьер-министрдің кандидатурасын ұсындық. Министрлерді тағайындадық. Мәслихаттағы фракцияларымыз облыстар мен мегаполистердің әкімдерін тағайындады. Бір сөзбен айтқанда, «AMANAT» зор абырой мен орасан жауапкершілік дегенді білдіреді», – деді ол.

Партия төрағасы атап өткендей, «AMANAT» партиясы үш науқанның – президенттік және парламенттік сайлаудың, сондай-ақ жалпыұлттық референдумның қозғаушы күші болды. Сондықтан осы бағытта сенімді қадам басып, игілікке қол жеткізу жолында аянбай еңбек ете беруіміз керек.

Партия ұйымдастырған бұл форум бірінші кезекте мәслихат депутаттары үшін аса пайдалы деп айтуға болады. Өйткені маңызды шара тәжірибе алмасуға, жергілікті мәселелерді шешу жолдарын анықтауға, тиімді тәсілдерді іздеуге көмек беретін жақсы алаң деп есептеймін. Сондай-ақ, саяси іс-шара азаматтардың сенімі мен үмітін ақтау жолындағы «AMANAT» партиясының кезекті жаңаруы деп айтуға болады. Сонымен бірге, бұл іс-шараның басты мақсаты – аймақтардағы депутаттардың қарым-қатынасын нығайту және форум барысында пленарлық отырыс өтті. Панельдік сессияларда өтті. Біз министрлермен кездестік. Әрине, мұндай жағдай біздер үшін үлкен мүмкіндік. Халықтың көкейінде жүрген сауалдарды билік өкілдерінің тиісті салаларына тікелей айтып, жауап алдық. Оның іске асырылу жолдары мен мәселелердің тиісті дәрежеде шешімін табуға оң ықпалы болатын уағдаластықтар жасалды.

Ғалымжан ХУДИЯРОВ,

Түркістан қалалық мәслихатының депутаты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы