Қала әкімдігінің «ішкі саясат бөлімінің» басшысы Б.Букебаевқа
Көшірмесі «Тұран-Түркістан»
телеарнасының директоры
М.Бекбаевқа
«Түркістан» газетінің
редакторы
М.Дәулетовке
Сізден, Түркістан қалалық мәслихатының кезектен тыс бесінші сессиясы өтетіндігі туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында (ресми сайттарында) жариялануын сұраймын.
Қосымша: хабарландыру 1 парақта
Қалалық мәслихат
төрағасы Ғ.Сарсенбаев
Орындаушы:А.Икрамов
тел: 8747 159 25 26
Түркістан қалалық мәслихатының депутаттары мен қала халқының назарына!
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабына сәйкес сегізінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының кезектен тыс бесінші сессиясы 2023 жылғы 2 тамыз күні сағат 11:00 де қала әкімдігінің мәжіліс залында өтетіндігін назарларыңызға саламын.
Мекен-жайы : Түркістан қаласы, Әмір Темір көшесі №28 ғимарат, қала әкімдігінің мәжіліс залы. Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу 2 тамыз күні сағат 10:30 дан бастап жүргізіледі.
Сессияның қарауына мына мәселелер ұсынылады.
- Түркістан қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақтау нормаларын, халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасмалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы;
- Түркістан қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы.
Келіп түсуіне байланысты басқа мәселелер қаралуы мүмкін.
Қалалық мәслихат
төрағасы Ғ.Сарсенбаев