ПОЛИЦИЯ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

1  522 көрілім

Жақында «Қазақстан полициясы» күніне орай, Түркістан облыс-тық ішкі істер органдары мен Ұлттық Ұлан ардагерлер ұйымының төраға орынбасары Бақытжан Бейсембаев, осы ұйымның кеңес мүшесі Үсенбай Тәңірбергенов, Түркістан қалалық ІІО мен ҰҰ ардагерлері ұйымының төрағасы Батырхан Сансызбаев, ұйым мүшесі Асетулла Сабақбаев, Түркістан облысы орталығы мен аудандарында тұрып жатқан, ішкі істер органының ардагерлерінің отбасында болып, оларды мерекесімен құттықтап, марапаттады.

Атап айтқанда сексенің сеңгіріне шыққан, 86 жастағы шорнақтық ардагер Дүйсенбай Сарсеновке, қаламыздағы 77 жастағы ардагер Сауранбай Байжановқа «Ішкі істер органының ардагері» қоғамдық ұйымдардың медалімен, ал осы ардагерлердің ізбасарлары Сұлтан Жакиповке, Ахмет Сапармуратовқа, Бақытжан Жолдасбековке құрмет грамоталары тапсырылды. Сонымен қатар, ішкі істер органында қызмет еткен ардақты аналарымыз Жүрсінай Аликулова мен Урипа Тажиеваға арнайы сый-сияпаттар табыс етілді. Ардагерлер атынан Дүйсенбай Сарсенов пен Сауранбай Байжанов ардагерлер ұйымының басшыларына өз алғыстарын білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы