ҰЛТ КӨШБАСШЫСЫ – ЕЛ МАҚТАНЫШЫ

1  674 көрілім

Осындай атаумен қаламыздағы Н.Төреқұлов музейінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Менің Елбасым» атты мәдени әдеби сазды кеш өтті. Аталған шара Түркістан қалалық Мәдениет үйі мекемесінің ұйымдастыруымен қолға алынған.


Шараның басты мақсаты – ұлт көшбасшысын ұлықтап, бастаған игі істерін қолдап, мерейін асқақтау. 1991 жылдың 16 желтоқсанынан бастап еліміз Тәуелсіздік алып, өз туын көтерді. Н.Назарбаев еліміздің Президенті болып бекітілді. Сол күннен бері бейбітғ отан сүйгіш халық бүкіл әлемге таныла бастады. Еңсемізді тіктеген кезден бастап ел дамуына сүбелі үлес қосуының арқасында әлем мойындаған, жаһанға аты жеткен мемлекетке айналды.


Кеш барысында Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбет, Нәзір Төреқұлов музейінің директоры Бақытжан Жорабек сөз сөйлеп, мұндай шараларды жиі ұйымдастыру керек екендігін тілге тиек етті.


Айтулы мерекеде әсем әндер шырқалып, поэзиялық бағытпен өз жалғасын тапты. Балалар мен жасөспірімдер орталығының оқушылары – Налтай Жадыра, Сапарәлі Қарақат, Қази Имамәдин, Құлахмет Айдана Елбасыға арналған арнау өлеңдерін жатқа оқыды. Заңғар тұлғаға арналған шара мұнымен шектелмейді. «Ұлт көшбасшысы – Ел мақтанышы», «Елбасының ерен еңбектері», «Елін сүйген, Елі сүйген Елбасы», «Елбасы жолы – Астана», «Менің Елбасым» сынды апталық кешпен өз жалғасын табатын болады.

Шынар ӘДІЛХАНҚЫЗЫ,
«Түркістан»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы