ӘКІМ БЕЛСЕНДІ ҰСТАЗДАРДЫ МАРАПАТТАДЫ

1  579 көрілім

Қала әкімдігінің кіші мәжіліс залында шаһар басшысы Рашид Аюпов әлеуметтік желіде белсенділік танытып жүрген оқытушыларды марапаттады. Атап айтсақ, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің, қалалық білім бөлімінің және білім бөліміне қарасты мектептердің қызметкерлері әкім қолынан алғыс хаттарға ие болды.


Рашид Абатұлы өз сөзінде: “Сіздердің бұл еңбектеріңіздің арқасында ақпараттық кеңістік, қоғамдық пікір қалыптасып, адами құндылықтар бұқараға жетеді. Нәтижесінде, халық қалада, аймақта, мемлекетте және әлемде болып жатқан оқиғалардан, саяси және экономикалық процестерден шынайы ақпарат алады. Қызметте еңбектеріңіз еленіп, абыройларыңыз арта берсін”, – деген тілегін жеткізді.


Кездесу аясында ұстаздар қала әкімінің бүгінде жасап жатқан еңбегі, қала дамуы үшін қосып жатқан үлесі, сондай-ақ, әлеуметтік желідегі белсенділігіне, халықтың қамын ойлап, ыңғайлы әрі жайлы орта қалыптастырудағы бастамаларына зор ризашылықтарын білдірді.


Басқосуда тек білім саласы ғана емес, алда атқарылатын жемісті жұмыстар жайлы кеңінен айтылды. Мәселен, білім сапасын көтеру үшін әлемдік тәжірибелі ұйымдардың жергілікті білім ошақтарында жұмыс жүргізуі ықтимал. Бұл – оқушыларды бәсекеге қабілетті, білімді, жан-жақты дамытудың кепілі болмақ.
Жанерке ЖАРЫЛҚАСЫН,
“Түркістан”.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы