Береке мен бірліктің символы болған Тайқазан

252 көрілім

Барлық келушілер  береке мен бірліктің символы болған Тайқазанды да ерекше қастер тұтады.

“Кесенеге келген кісі Қожа Ахмет Ясауи бабамызға тағзым етіп болып,  бірден Тайқазанға назары ауады. Көпшілігі арнайы экскурсия жүргізіп беруімізді сұранып жатады”,-деп “Әзірет Сұлтан” мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің экскурсоводы Гаухар Жүзбаева Тайқазан жайлы айтып өтті.

“Бұл қазан әйгілі қолбасшы Әмір Темірдің тапсырысымен 1399 жылы 25 маусымда (хижра 801 жыл, 20-шаууал) Түркістан қаласының батысында, 27 шақырым жерде орналасқан Қарнақ елді мекенінде құйылған. Ирандық шебер Әбділ Әзиз Шарафаддин Тебризи жасаған.

Қазан сыртындағы араптың гүлденген сульс және куфи қолтаңбаларымен жазылған үш қатар жазудың біріншісінде оны Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне арналып жасалғаны туралы айтылады.

1935 жылы тайқазанды Санкт-Петербургтегі атақты музей Эрмитажға, Иран шеберлерінің III Халықаралық конференциясына алып кетеді. Жарты ғасырдан астам уақыт сонда тұрып, 1989 жылы 18 қыркүйекте ғана Түркістанға қайтарылды”,-дейді Гаухар Жүзбаева.

Музей қызметкерінің айтуынша, карантин мезгілінде бірнеше ай кесененің де есігі жабық болғаны белгілі. Сақтық шараларын ұстана отырып қайта ашылған қасиетті орынға тәу етушілер саны көп. Барлық келушілер  береке мен бірліктің символы болған Тайқазанды да ерекше қастер тұтады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы