ТАЭКВОН ДО ITF СПОРТЫНАН ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

224 көрілім

Маусым айының 18 күні Шардара қаласы, спорт кешенінде таэквон до ITF спортынан Түркістан облысы чемпионаты өз мәресіне жетті. Аталған жарысқа облысымыздың түкпір-түкпірінен келген спортшылар өз бақтарын сынады. Жарысты ашып беру үшін аудандық мәслихат төрағасы Қарсыбаев Арман Романұлы сөз барысында таэквон до спортының ауданымызда қарқынды дамып келе жатқанын айтып, жарысты ашық деп жариялады. Келесі сөз кезегі Түркістан облысы таэквон до ITF федерациясының президенті Қамытбаев Айдын Сыпабекович өзінің ақ тілегін білдірді. Облыс чемпионатында жерлестеріміз 10 алтын, 10 күміс, 11 қола иеленіп, командалық есепте

І-орын Шардара ауданы

ІІ-орын Түркістан қаласы

ІІІ-орын Ордабасы ауданы еншіледі.

Жарыс соңында жеңімпаз командаларға медаль, кубоктар және сыйлықтар табыс етілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы