- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Олимпиада ойындарының көркін қыздыратын күрес түрлері қазір елімізде әлемдік талаптарға сай дамуда. Республикамызда талантты жас балуандар талай халықаралық турнирлерден жүлдемен оралуда. Жақында еркін күрестен 2006-2007 жылы туылған жасөспірімдер арасында Қырғызстан Республикасының Бішкек қаласында өтіп жатқан Азия біріншілігінде Түркістан облысының жас балуандары туған елге олжалы оралды.
Кілемде өзінің дарынымен көзге түскен 110 келіде өнер көрсетіп талай мамандарды таң қалдырған болашағы жарқын Едіге Қасымбек жеңімпаз атанды. Еліміздің құрамасына алтын жүлде салған түркістандық жас балуанның өнеріне көпшілік сүйінді. Бұдан бөлек 51 келідегі Олжас Жауынбаев қола жүлдегер атанды.
Болашағы жарқын жерлесіміз Олжас Ордабасы ауданы, Темірландағы №1 спорт мектебінің шәкірті. Бапкері Қасымбек Мусабеков болса, Азияны бағындырған жеңімпаз Едіге Төлеби ауданының тумасы. Аудандық №3 спорт мектебінің ізбасары. Күрес өнеріне жеке бапкері Даулетұлы Жанібек баулып келсе, Азия чемпионатына еркін күрестен жасөспірімдер арасында Түркістан облысының аға жаттықтырушысы Абылайхан Рысбаев дайындап алып барды.