- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Облыс бойынша жыл басынан бері қызылша аурушаңдығының 23 жағдайы тіркеліп, оның ішінде 18 науқастан «оң» нәтиже анықталған. (Сауран-12, Түркістан-6. Кентау-1, Сайрам-1, Ордабасы-3). Жас ерекшеліктері бойынша 14 жасқа дейнгі балалар арасында 20 жағдай, 14 науқас қызылшаға қарсы егу алудан бас тартқан.
Науқастардың барлығы ЖРВИ симптомдарымен яғни дене температурасы 39-40С дейін жоғарылаған, құрғақ жөтел, көздерінің жасаурауы, ісінуі, жалпы әлсіздік, тәбетінің жоқ болу белгілерімен басталған. Науқастардың құлақ артынан, бас және бет бөліктерінен дақты-папулезді бөртпелер шыққан.
Қызылша – ауа-тамшы жолдары арқылы тарайтын инфекция, көбіне балалар арасында жиі кездеседі. Адамнан адамға жұғуы өте жоғары. Аурудың жасырын кезеңі 7-21 күнді құрайды. Ауру белгілері науқаспен байланыста болғаннан кейін суық тиюдің белгілеріне ұқсас симптомдармен біліне бастайды. Яғни, алғашқы кезеңде дене қызуының көтерілуі, көздің қабынуы, жөтелдің пайда болуы, ауыз қуысының қабынуы, ауыздың шырышты қабығында дақты-папулалық бөртпелер шығады. Құлақта және мойында, бет пен денеде, аяқ-қолдарда бөртпелер пайда болады. Науқаспен байланыста болған адамдарды аурудың соңғы жағдайы анықталған сәттен бастап 21 тәулік бойы күнделікті медициналық бақылауға алынып, иммундық статустары анықталады. Егер қарым-қатынастағылар қызылшаға қарсы егу алмаған болса, 72 сағаттың ішінде егілу қажет.
Аурудың алдын алу үшін:
-Қызылшаға қарсы қарсы екпе алу:
-Бөлмені жиі желдетіп, ылғалды тазалау жұмыстарын жасау;
-Халық көп шоғырланған орындарда маска киіп жүру көмектеседі;
-Дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, әлсіздік және бөртпе сияқты аурудың алғашқы симптомдары пайда болған кезде дәрігерге қаралып, дәрігер нұсқауларын орындау қажет.
17 жасқа дейінгі бала қандай да бір себептермен егілмеген болса, қызылша ауруының алдын алу үшін екпе алуға шақырамыз!
Б. Елемесов,
Түркістан облысының СЭБД басшысының орынбасары