САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА 97 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

397 көрілім

«Ауыл–ел бесігі» бағдарламасы аясында аудан аумағындағы елді мекендердің жолдары жөнделіп, көшелері жаңартылуда. Ағымдағы жылы Құркелес ауылдық окугіне қарасты 3 елді мекеннің, 15 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары басталды.

Осыған орай, аудан әкімі Арман Абдуллаев Құркелес ауылдық округі, Ақниет елді мекеніне арнайы барып, Аль-Фараби, Қажымұқан, №1, М.Мақатаев, Т.Аубакиров көшелеріндегі жол жөндеу жұмыстарын жаяу аралап көрді.

Жол құрылысымен танысқан аудан басшысы құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер мекеме өкіліне жол құрылыстарының сапасына сараптама жасатып қорытындысын алу қажет екенін ескертті.

Сонымен қатар, тиісті бөлім басшысына аталған елді мекендегі Пупащенко көшесіне асфальт төсеу жұмыстарын уақытылы, сапалы аяқтауды тапсырды.

Жалпы ағымдағы жылы аудан бойынша 60 көшенің 97 шақырымына орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Оның ішінде: «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 21 көшенің 41,4 шақырым көшелерге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Ал, аудандық бюджеттен 38 көшенің 55,2 шақырымына орта және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаржы бөлінген.

Нәтижесінде елді мекендердегі ішкі көшелердің жақсы және қанағататтанарлық жағдайдағы үлесі 58%-дан 66% -ға арттыру күтілуде.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы