ӘКІМ ҚАРАШАҢЫРАҚ БАСЫЛЫМНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

1  355 көрілім

Бүгін қала әкімі Рашид Аюпов жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысымен танысу мақсатында қалалық “Түркістан” газеті мен “Тұран-Түркістан” телеарнасында болды.


Алдымен, көк жәшік арқылы қоғамдағы тыныс-тіршілікті көрермендеріне ұдайы жеткізіп жүрген “Тұран-Түркістан” телеарнасының ғимаратына аяқ басты. Ұжымға жылы лебізін айтып, алғыс хат тапсырып, әрбір қызметкерге толағай табыс тіледі.


Рашид Абатұлы кезекте 90 жылдық тарихы бар басылымның қарашаңырағына бас сұқты. Шаһар басшысы өз кезегінде, Түркістанның жылнамасын жазып жатқан ұжымның, қоғам мен бұқара арасында алтын көпір болып, қаладағы барша айтулы жиындардан хабардар етіп отырған газеттің алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Екі тілде ақпарат беріп, 8 мыңнан аса оқырманын жаңалықтың жаршысы еткен “Түркістан”, “Туркистон” газеттерінің тарихынан құлағдар болып, редакцияға келген зиялы қауымдар өкілдерінің ақжарма тілектері жазылған “Қонақтар лебізі” кітабына өзіндік пікірін жазып, қолын қойды.

Қала әкімі өз сөзінде: “Газет ел өмірінің тыныс-тіршілігін бағамдап, қоғамдық-саяси жаңалықтарды жариялап, елмен тығыз байналаныста болып келеді. Бүгінгі таңда журналистердің қоғамдық өмірдегі еңбегі мен үлесін бірауыз сөзбен бағалау мүмкін емес. Жаңа табыстарға жетуде үлкен мүмкіндіктер мен жетістіктер тілеймін”, – дей келе, газет ұжымына алғыс хат ұсынды.
Жанерке ЖАРЫЛҚАСЫН,
“Түркістан”.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы