- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
24 маусымда Арыс қаласындағы әскери бөлімінің қару-жарақ қоймасында болған жарылыстан зардап шегіп, қаладан эвакуацияланған тұрғындар үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша филиалдарының қызметкерлері қызмет көрсетеді.
Мамандар зардап шеккендергекеңес беріп, мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін қамтамасыз етіп, сондай-ақ жергілікті атқарушы билік органдарымен бірлесіп қаладан құтқарылған және эвакуациялау орындарына жеткізілген адамдардың тізімін жасақтауға жәрдемдесіп жатыр.
Бүгінгі таңда Шымкент қаласында ұйымдастырылған 15 және Түркістан облысының Ордабасы, Сарыағаш, Қазығұрт, Отырар, Шардара аудандары мен Арыс маңындағы ауылдары үшін 13 эвакуациялау орны жанынан арнайы ашылған пунктерде мемлекеттік корпорация қызметкерлері қажетті мемлекеттік қызметтерді көрсетіп жатыр, бұдан бөлек мобильді ХҚО жұмыс істейді.
Қызметкерлер зардап шеккендерге ақпараттық анықтамаларды алып беріп, құжаттарды қалпына келтіру бойынша қажетті қағаздарды әзірлеуде. Бұл ретте тұрғындарды құжаттандыру бойынша миграциялық қызмет басқармасымен жедел түрде ықпалдасу ұйымдастырылған. Айта кетейік, мемлекеттік корпорацияның Арыс қаласындағы бөлімінің жұмысы тоқтатылған. Онда қызмет көрсететін 55 қызметкердің барлығы отбасыларымен бірге дер кезінде эвакуацияланып, қауіпсіз жерге орналастырылған.
Амантай Егембердиев,
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының ресми өкілі.