ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

1  469 көрілім

2004-2005 жылдары туылған қыздар, 2006-2007 жылғы жасөспірім қыздар мен ұлдар арасындағы баскетболдан өткен II халықаралық турнир өз мәресіне жетті. ҚР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Түркістан қаласының «Құрметті азаматы» Алик Валиевтің құрметіне ұйымдастырылған жарыс 12-17 қараша аралығында жалғасты.
22 команда бақ сынаған қол добы шеберлерінің сайысына 300-ге жуық жас баскетболшы қатысты. Додаға республикамыздан бөлек Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттерінен бірнеше командалар арнайы келген. Халықарлық турнирге «Alageum electric» компаниясы демеушілік танытқан.

Жабылу салтанатында сөз алған қала әкімінің орынбасары Тәжібек Мұсаев Түркістан облысының баскетбол және 3х3 федерациясы ұйытқы болған сайыста үздік ойыншыларды марапаттады. Жүлдегер командаларға кубок, медальдар мен грамоталар табысталды.


Жарыс қорытындысына құлақ түріңіз. 2004-2005 жылдары туылған қыздар арасында I орынға – Павлодар, II орынға – Ташкент, III орынға – Түркістан облысының құрамалары қол жеткізді.

Ал, 2006-2007 жылғы жасөспірім қыздар арасында үздік үштікке Түркістан облысы, Наманган және Самарқанд командалары тұрақтады.

2006-2007 жылғы ұлдар арасындағы тартысты ойында I орынды – Түркістан облысы, II орынды – Бішкек, III орынды – Алматы облысының баскетболшылары еншіледі.

Нұртас КЕҢЕСБЕКОВ,
«Түркістан».
Суреттерді түсірген: Антон ЛЕЩЕНКО.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы