Түркістан қаласы қазақ халқының ғана емес, күллі түркі жұртының рухани ордасы саналады. Оған дәлел, қасиетті мекенде ашылған «Түркістан сазды-драма» театрының дүниеге келуі дер едік.

Өнер ордасының негізін қалаған театр және кино актеры, профессор, қазақ театр өнеріне жарты ғасырдан астам еңбек сіңірген сабдал сахнагер, Райымбек Ноғайбайұлы Сейітметов. Ол 1938- жылы 2 наурызда Түркістан қаласында дүниеге келген. 1944- жылы Түркістандағы С.Ерубаев атындағы мектепке барып, 1954- жылы Кентау қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы мектепті тәмамдаған. Сонымен, 1955- жылы қазақтың Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваториясының актерлық бөліміне оқуға түсіп, 1959-жылы аяқтайды. Д.Сейітметовтың Түркістан жерінде театр ашуы, қазақ елі үшін орасан зор жетістік болатын. Түркістан төрінде театр үйінің бой көтеруі туған жерінде имандылық пен қазақтың ұлтжандылығын, мәдениетінің сақталғандығының айқын дәлелі.

«Түркістан сазды-драма» театры Елбасы Н.Назарбаевтың жарлығымен, 2000 жылы наурыз айының 9-күні ашылды. Театрдың алғашқы ашылу күні Қазақстанның атынан Б.Вахапхаденің “Көк Түріктер” спектакілін ойнап, Түркия мемлекетінің арнайы шақырылуымен Анкара ,Сивас, Кайсери , Кония, Нидде, Малатия, Гресун қалаларында гастрольдік сапарда болып, “Көк түріктер“ қойылымын түрік тілінде сахнада паш етті. Сондай-ақ, театрда көрермен назарына көптеген спектакльдер атап айтсақ; М.Әуезов “Қарагөз”(драма) , Сая Қасымбектің “Иассауи қасіреті” (драма) т.б “ Күн астында Күнекей”, “Наурыз Ару”, “Шырша” ертегілері сахналанды.

Бүгінде облыс орталығы Түркістан қаласынан ең жас “Түркістан музыкалық драма театры” ашылды. Биыл аталмыш театр үйінің құрылғанына екі жыл толып отыр. Заманауи театрдың дерлік барлық бөлмесі жаңа жиһаздармен жабдықталған. Сонымен бірге бүгінде театрға келушілер қатары күн санап артуда. Театрда түрлі сахналық қойылымдар көрермен назарына ұсынылып көптің көңілінен шығып жүрген жас театр мақтануға тұрарлық өнер үйі. Жуықта ғана Астана қаласы әкімдігінің музыкалық жас көрермен театры Түркістанда апта бойы сахна төрінде түрлі қойылымдар қойды. Атап айтар болсақ, әйгілі Гауһартас қойылымы, Шәмші, Өлі жандар, Абай-Тоғжан және Махаббат бар ма? атты туындылар көрерменге ұсынылды. Астаналық театрдың өнерін тамашалауға жер-жерден адамдар ағылып келіп жатты. Апта бойы үздіксіз өнер көрсеткен сахна майталмандарының өнері өрге жүзсін дейміз! Сондай-ақ, композициялық көрінісі мен сәулеттік келбеті өзгеше театрда шетелдік танымал өнер қайраткерлері де өнер көрсетеді.

Төрт қабатты өнер ордасының көрермендер залы 510 адамға арналған. Мұнда вестибюльдің, кулуарлардың, фойенің жинақтау холлдары мен VIP залы ұлттық нақышта безендірілген. Осы уақыт аралығында театрда “Бөрте”, “Фариза”, “Шаңырақ”, “Беу,қыздар ай!”, ”Қорқыт туралы аңыз”, “ Махаббат мұнарасы” қойылымдары заманауи көріністе көрерменге жол ұсынылды. Атаулы сахналық көріністер Астана қаласындағы сахна төрінде көрерменге тарту етілді. Жалпы өңір мәдениетінің шыңдалуына театр үйінің қосар үлесі ауыз толтырып айтарлықтай. Себебі жастар өнердің қоғамға пайдалы қайнар бұлақ екенін сезіне білуі тиіс. Соңғы жылдары театр сүйер жеткіншектер қатары молая түсуде, және бұл көріністі өңір жетістігі деуге де болады.
ХҚТУ университетінің
2 курс студенті,
Назым САУРБАЕВА.