Егер көрсетілген нөміріңізді өзгертсеңіз, онда жеке деректерді өзгерту және жаңарту үшін сіз төмендегі екі әдістің бірін пайдалана аласыз:
1) enpf.kz сайтындағы “Электрондық сервистер” бөлімі “Деректемелерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу” бөлімшесін таңдап, электрондық-цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегімен параққа кіріңіз;
2) БЖЗҚ және “Қазпошта”АҚ бөлімшелері арқылы жүзеге асырылады.
Сайтта өзіңіздің деректемелеріңізге өзгерістер мен толықтырулар енгізіп қана қоймай, ЖЗШ-ның бар екендігі туралы анықтама, ЖЗШ-дан үзінді көшірме ала аласыз, өзіңізді қызықтыратын сұрақпен де өтініш жолдай аласыз. “Мобильді кеңсенің” шығуына, кері қоңырауға тапсырыс беріп, “Зейнетақы калькуляторының” көмегімен болашақ зейнетақының болжамды мөлшерін есептей аласыз. Сондай-ақ, ол арқылы шоттың жай-күйін бақылап, зейнетақы жүйесіндегі барлық өзгерістер туралы білуге, БЖЗҚ-ның жақын жердегі кеңсесінің орналасқан жерін көруге, тіпті байланыс орталығына қоңырау шалуға да болады.
Сонымен бірге БЖЗҚ-ның әрбір салымшысы сайт және ұялы қосымшаның көмегімен зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үйді жақсартуға немесе емделуге пайдалану құқығын іске асыру үшін немесе инвестициялық портфельді басқаратын компанияларға аудару үшін ЖЗШ-да жеткілікті қаражатының бар-жоғын біле алады.