ТҮРКІСТАН: КЕРУЕН САРАЙ КӨШЕСІ БОЙЫНДАҒЫ РЕТСІЗ САУДА ЖҰМЫСТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

718 көрілім

Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңының 204-бабынның 1 тармағына сәйкес белгiлегеннен тыс орындарда сауда жасау – ескерту жасауға немесе бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады делінген. Сонымен қатар, осы баптың 2 тармағына сәйкес  әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады деп атап көрсетілген.

Осыған орай, Түркістан қаласы, Керуен Сарай көшесі бойында белгіленбеген орында сауда саттық жасап жүрген саудагерлерге басқа базарларға көшіру бойынша заң аясыннда түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, қала аумағында Байсал-Керім сауда қатары мен Эко базар аумағынан саудагерлерге орындар ұсынылып, жеңілдіктер қарастырылған жөнінде де ескертілді.

Осыған байланысты, Түркістан қаласы әкімдігі Атамекен кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Оразбеков Байдулла, Түркістан қаласы прокурорының орынбасары Танатов Күмісхан, Түркістан қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары Мұратов Нұрлан, Атамекен кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Әуелбеков Ербол мен  құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Зухра Төлебайқызы, Түркістан қаласы әкімдігінің Бизнесті қолдау және туризм бөлімі басшысы Қыдырбаев Талғат және жөғарыда көрсетілген көше бойындағы ретсіз саудамен айналысатын кәсіпкерлермен сауда орталықтары басшыларының қатысуымен (Қуаныш, Эко базар, Алтынбұлақ, Байсал-Керім, Азиз) 2023 жылы 31 мамыр күні сағат  11:00 де «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы ғимаратының мәжіліс залында жиналыс ұйымдастырылып, көтерілген мәселе бойынша әр тараптан ұсыныстармен пікірлер айтылып, жан-жақты заң аясында талқыланды.

Қазіргі таңда, Керуен Сарай көшесі маңындағы үйлер мемлекет мұқтаждығына жартылай қайтарылып, қалған үйлерге бағалау (қаржысын анықтау) жұмыстары жүргізілуде, бағалау жұмыстары толығымен аяқталуына байланысты абаттандыру және автотұрақ құрылысын жүргізу жоспарланған.

Жоғарыдағының негізінде, Түркістан қаласының прокуратура және тиісті құзырлы органдардың қатысуымен мәселені ушықтырмай шешу мақсатында жол картасы әзірленуде және алдағы уақытта әзірленген жол картасына сәйкес жұмыстар жүргізілетін болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы