ТҮРКІСТАН: БАЛУАНДАР КҮМІС АЛҚАНЫ ИЕЛЕНДІ

562 көрілім

Павлодар қаласында қазақ күресінен жастар арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатына еліміздің әр аймағынан балуандар жиналып, бақ сынасты. 1 маусым басталған спорттық сайыс 4 маусымға дейін жалғасып, үздіктер анықталды.

Түркістан облысының намысын қорғаған спортшылар қос күміс алқаны қоржынға салды. Атап айтқанда, қыздар арасында 57 келі салмақта Әсем Серікбайқызы ақтық сынға дейін жетіп жүлделі 2-орынға ие болса, ұлдар арасында 60 келі салмақта сынға түскен Амангелді Сәуірбай күміс алқаны қанжығалады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы