ЕЛІМІЗДЕ АЗАМАТТАРҒА КРЕДИТ АЛУҒА ТЫЙЫМ САЛАТЫН ЗАҢ ЖОБАСЫ ӘЗІРЛЕНУДЕ

2  354 көрілім

Биылдан бастап Қазақстан азаматтарына кредит алуға тыйым салуға мүмкіндік беретін заң жобасын Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі дайындап жатыр.

Өзгерістер азаматтардың банктік қарыздармен микрокредиттерден ерікті түрде бас тарту құқығын бекітеді. Бұл сервис “электронды үкіметтің” веб-порталында және “eGov Mobile” мобильді қосымшасында іске асырылады.

Жеке тұлғаның кредит тарихында несиеден ерікті түрде бас тарту туралы белгі болса, банктер мен микроқаржы ұйымдарына кредит беруге жеке тыйым салынады. Ал егер өзіне тыйым салған адамға кредит берілсе, ол кредит бойынша міндеттемеден босатылады.

Ведомствоның мәліметінше, заңнамалық түзетулер қаржы нарығына қатысушылармен келісіліп қойған, қазір мүдделі мемлекеттік органдармен келісу рәсімі өтіп жатыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы