“TURKISH AIRLINES” ЭЛИТАЛЫ ӘУЕКОМПАНИЯЛАР ҚАТАРЫНА ҚОСЫЛМАҚ

2  100 көрілім

Қазіргі таңда 393 лайнері бар “Turkish Airlines” әуе тасымалдаушылардың әлемдік рейтингінде алғашқы ондықта да жоқ.

Бұл туралы компанияның басқарма төрағасы Ахмед Болат мәлімдеді. Алдағы он жылда Түркияның әуе тасымалдаушысы 600 жаңа ұшақ сатып алмақ. Алайда олар “Boeing” немесе “Airbus” бола ма, әзірге белгісіз.

“Turkish Airlines” көздеп отырған басты мақсат – жылына 170 миллион жолаушы тасымалдау. Бұл сан әлемдегі ең алдыңғы қатарлы әуе компаниялардың көрсеткіші: “American Airlines” немесе “Delta Air Lines”. 2022 жылы түркиялық әуекомпания 72 миллион адам тасымалдапты.

Алға қойған мақсатқа жету үшін ұшақтар саны ғана артып қоймайды, жаңа бағыттар да ашылмақ. Компания трансқұрлықтық бағыттарға бет бұруы ықтимал. Ахмед Болаттың сөзінше, компания биылдың өзінде Сингапурге аздап аялдайтын Аустралияға (Ыстамбұл – Мельбурн) рейсті іске қосуы мүмкін. Ал ұзаққа ұша алатын ұшақтар келісімен, бұл рейс аялдамасыз болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы