САЯСИ ҚҰҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ ТУРНИРІ ӨТТІ

368 көрілім

31 – мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске күніне орай желтоқсаншылардың ұйымдастырыуымен  Түркістан қаласындағы Балуан шолақ спорт кешенінде баскетболдан жсаөспірімдер арасында сайыс өтті. Дүбірлі додаға 5 қыздар командасы мен 4 ұлдар құрамасы қатысты. Киелі шаһарда өткен байрақты бәсекеге Арыс және Кентау қалаларының, Түркістан қаласындағы спорт мектептерінің спортшы балалары бақ сынауда.

Спорт додасының ашылу салтанатына Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев, қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев қатысып, салауатты өмір салтын ұстанған жастарға сәттілік тіледі. Сайыс қонақтары спорт сүйген балалардың болашағынан зор үміт күтетіндерін және ел абыройын әлемдік ареналарда қорғауға тілектес екендіктерін жеткізді. Сонымен қатар, атаулы күннің ел тарихында ойып тұрып алар орны бар екенін айтып, келешек ұрпақтың бұл күнді ұмытпауы қажет екенін де тілге тиек етті қонақтар.

11-14 жас аралығындағы балалар арасында өткен жарыста өз ойын үлгісімен дараланғандар арнайы алғыс хаттармен, кубок және медальдармен марапатталды. Үздіктер алдағы уақытта облыс абыройын ел біріншіліктерінде қорғауға мүмкіндік алмақ.

Досхан ТӨЛЕГЕНОВ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы