ТҮРКІСТАНДА ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫНА ТАҒЗЫМ ЕТІЛДІ

223 көрілім

Қаламыздағы Түркістан жоғары медицина колледжі ғимаратының алдында саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу шарасы болып өтті. Азаттық үшін жанын қиған ел боздақтарын еске алу барысында, қоғам қайраткері Сұлтанбек Қожановтың ескерткішіне гүл шоқтары қойып, рухына тағзым етті. Қуғын-сүргінге ұшыраған алаш қайраткерлерін үнсіздікпен еске алды. Іс-шарада, Н.Төреқұлов, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, М.Шоқай, атындағы мектептер тарихи көрме ұйымдастырды.

Сонымен, айтулы жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, Түркістан қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов, Түркістан облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенұлы, Түркістан қалалық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Әбдіхан Әбдіқадыров қатысты. Түркістан қаласы әкімдігі мен Түркістан қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткен еске алу кешінде, Түркістан қалалық ардагерлер төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов пен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, сұм жылдарды қайғыра еске алып, сөз сөйледі.

Жиын барысында Түркістан қалалық мәдениет үйінің халық театры актерлары «Қаны тамған XX ғасыр» атты қойылымды сомдады.

Сонымен, шара соңында Түркістан қалалық Мәдениет үйінің әншісі Данагүл Индемесова «Тірісіңдер құрбандар» атты ән орындап көрермен ықыласына бөленді.

Нұрсұлу БӨКЕНБАЙ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы