КЕЛЕСТІК ТҮЛЕКТЕР ҚАЙЫРЫМДЫ ІСТІ ҚОЛҒА АЛДЫ

155 көрілім

Келес ауданына қарасты Ақтөбе ауылдық округінің түлектері қайырымды істі қолға алып, бір отбасын қуанышқа бөледі. 1985-1986 жылғы ауыл азаматтары мектепті бітіргендеріне 20 жыл толуына орай осы игі істі бастауды жөн санап, тұрмысы төмен отбасына асарлатып үй салып берді. Үш бөлмелі тұрғын үйді салуға 40-қа жуық түлек атсалысты. Жомарт азаматтар 2003 жылы Лесбек батыр елді мекенінде орналасқан №39 Л.Жолдасов атындағы жалпы орта мектебін бітірген. Баспананың құрылысы биылғы жылдың сәуір айында басталып, қазір үй иелеріне табысталды.

Қуаныш иелері жомарт жүректі азаматтарға алғысын білдіріп, ақ тілектерін арнады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы