АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІНЕ БІРҚАТАР МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕЛЕДІ

183 көрілім

Ауыл шаруашылығы министрлігіне бірқатар жаңа міндеттер жүктелмек.

Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында жазылғандай, енді ведомствоға мына функциялар беріледі:

Қазақстанның шет мемлекеттермен өсімдіктер карантині саласындағы өзара қарым-қатынастарын дамытуды қамтамасыз етеді;

– агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің өзара іс-қимылының оңтайлы нысандарын дамыту үшін агроөнеркәсіптік кешен салаларын айқындау;

– инвестиция тарту үшін қолайлы жағдай жасайды және астық нарығын дамыту және оның тұрақтылығын сақтау жөнінде өзге де шаралар қабылдайды;

– ҚР заңнамасына сәйкес, агроөнеркәсіп кешенінде қалыптасатын жер қатынастарын реттейді;

– әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдардың тізбесін бекітеді;

– ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

– агроөнеркәсіптік кешен саласындағы инвестициялық жобаларға кредит беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

– бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;

– мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан және игерілмеген не ҚР заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жүрген жер учаскелерін анықтау және алып қою;

– егер құрылыс, пайдалы қазба кен орындарын игеру, объектілерді пайдалану, геологиялық барлау және басқа да жұмыстар ҚР жер заңнамасын бұза отырып, сондай-ақ бұл жұмыстар сараптамадан өтпеген немесе теріс қорытынды алған жобалар бойынша жүргізіліп жатса, онда оларды тоқтата тұрады.

Үкімет қаулысы 12 маусымға дейін көпшілік талқылауда болады.

Кейін Премьер-Министр қол қойып, құжат құқықтық-нормативтік актілер порталында жарияланған соң 10 күн өтіп, күшіне енеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы