- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Бас прокуратурасының құрылымын өзгерту туралы Президент Жарлығына қол қойды.
Жарлықта жазылғандай, енді ҚР Бас прокуратурасының құрылымы мынадай болмақ:
– Аппарат;
– Cотқа дейінгі тергеп-тексерудің және қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау қызметі (жаңа қызмет);
– Заңды күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметі;
– Қоғамдық мүддені қорғау қызметі;
– Cотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметі (жаңа қызмет);
– Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметі;
– Кадрлық жұмыс департаменті (бұрынғы кадрларды дамыту департаменті);
– Өзіндік қауіпсіздік департаменті (бұрынғы ішкі тергеу департаменті);
– Стратегиялық даму департаменті;
– Жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметі мен жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау департаменті;
– Норма шығармашылық қызметін үйлестіру департаменті;
– Жолданымдармен жұмыс және іс жүргізу департаменті;
– Қаржы департаменті;
– Мемлекеттік құпияны қорғау басқармасы;
– Ішкі аудит басқармасы;
– Ақпараттық қауіпсіздік басқармасы.
Ведомство құрамынан арнайы прокурорлар және қылмыстық қудалау қызметтері алынып тасталған.
Құжатта көрсетілгендей, жарлық қол қойған күннен, яғни 23 мамырдан бастап күшіне енді.