«Түркістаным – Тұраным». Қаламызда осындай атаумен «Түркістан – қауіпсіз қала» жобасы аясында театрландырылған концерттік шоу-бағдарлама өтті. Даналықтың құт мекеніне айналған Түркістан қаласы облыс орталығы болғалы атқарылар жүк еселеніп, мерейі асқақтай түсуде.

Аталмыш шараға қалалық “Қазақ тілі қоғамының” төрағасы Мұсахан Дүйсекеев, Түркістан қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов, облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов арнайы қонақ болып ізгі тілек, ақжарма көңілдерін ақтарды.

- Қазір облыс болғалы қаламыз күнде көркейіп жатыр. 5-10 күн басқа жақта болып қайта келсеңіз танымай қаласыз. Қазіргі қоғамда жүрегінде иманы бар жастарымыз өсіп келеді. Ең әуелі, Елбасымызға алғысымыз шексіз осындай тарихи қаланы облыс орталығы қылды. Осындай қасиетті орынның керемет болуына лайықты болуымыз керек. Басқалай болуға біздің хақымыз жоқ, – деді қалалық әйелдер алқасының төрайымы Ұлжан Мұстафаева.
Шынар ӘДІЛХАНҚЫЗЫ,
“Түркістан”.