ДӘСТҮРЛІ ТУРНИР ЖАЛҒАСУДА

1  266 көрілім

2004-2005 жылдары туылған қыздар, 2006-2007 жылғы жасөспірім қыздар мен ұлдар арасындағы баскетболдан II халықаралық турнир басталды. ҚР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Түркістан қаласының «Құрметті азаматы» Алик Валиевтің құрметіне ұйымдастырылған жарыс бес күнге жалғасатын болады.


22 команда бақ сынайтын қол добы шеберлерінің сайысына 300-ге жуық жас баскетболшы қатысуда. Додаға республикадан бөлек, Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттерінен бірнеше командалар арнайы келген.


Салтанаты ашылуында сөз алған қалалық мәслихаттың депутаты Мұхаммедәлі Қорғанбаев мерейтой иесін 63 жасқа толуымен құттықтады. Алик Ваитұлы спортшыларға сәттілік тілеп, жарыстың өз деңгейінде өтуіне тілектестік білдірді.


12-18 қараша аралығында өтеді деп жоспарланған халықарлық турнирге «Alageum electric» компаниясы демеушілік жасап отыр. Жүлдегер командалар кубок, медальдар мен грамота, бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады. Қосымша ақпаратты газетіміздің келесі №47 санында назарларыңызға ұсынатын боламыз.

Нұртас КЕҢЕСБЕКОВ,
«Түркістан».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы