Биыл «Серпін» бағдарламасының өтеу мерзімі қысқарды. Бұрын 3 жыл болса, қазір 2 жылды құрайды. Сондай-ақ, жұмыспен өтеу бойынша оқыған аймақта ғана емес, бағдарламаға қатысатын аймақтарда да өтеуге мүмкіндігі бар.

2023 жылы өңірлік ЖОО-ға бөлінетін педагогикалық квота саны артып, 6280 грант бөлінді. Ал “Серпін” бағдарламасы бойынша 3653 грант бөлінді, – дейді вице-министр. Сондай-ақ грантқа құжаттарды қабылдау және оның иегерлерінің тізімін жариялау күндерінде биыл өзгерістер болмайды.
13-20 шілде аралығында грантқа құжаттарды қабылдауды, ал грант иегерлерінің тізімін 10 тамызға дейін ұсынуды жоспарлап отырмыз. ЖОО-ға қабылдау 25 тамызға дейін жүзеге асырылады, – дейді Қуаныш Ерғалиев.
Қуаныш Ерғалиевтің айтуынша, ҰБТ-2023 басты жаңашылдықтары «Қазақстан тарихы» және «Оқу сауаттылығы» пәндері бойынша тест тапсырмаларының санына өзгерістердің енгізілуі. Енді «Қазақстан тарихының» бір нұсқасында 20 тест тапсырмас