- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Мамырдың 17-сінде Жүйнек ауылдық округіне қарасты Шыпан елді мекенінің жетпіске жуық тұрғындары облыстық әкімдікке дейін барып, мазарат маңынан 10 гектар жер алған кәсіпкердің киелі мекеннен мал қора салғалы жатқанына қарсылықтарын білдірді. Соған орай, Жүйнек мәдениет үйінде тұрғындармен кездескен Сауран ауданының әкімі Ғалымжан Үсенбаев жұртшылықтың пікірін тыңдап, мәселені шешуге келгендігін жеткізді. Ауылдастары атынан сөз алған ақсақал болған жайды түгелдей жайып салды. Бұған дейін де, мәселенің мәнісін анықтаған аудан әкімі өз өкілеттігін пайдаланып, дау-дамайға нүкте қойды.

-Мен сіздермен кездесуге қашанда әзірмін. Күні кеше бір жыл бұрын белгіленген кестеге сай, Шаға ауылдық округінде тұрғындармен кездесу өткізіп жатқан болатынмын. Оны тастап кете алмадым. Мазараттың маңынан малқора салу ол мұсылмандыққа жатпайды. Сондықтан, мен сіздерді қолдай отырып, ауыл Кентауға қараған кезде шығарылған шешімнің күшін жоямын. Кәсіпкерге өзіне қолайлы басқа жер беріледі,-дей келіп ауданда жер дауының өршіп тұрғандығына тоқталды.
Әкімнің айтуынша, соңғы 15-жылдан бері қазақстандықтарға жеке үй салуға жер берілмеген. Себебі, ол жердің инфрақұрылымы жасалуы тиіс. Яғни, суы, жолы, жарығы жеткізілмеген. Қазірдің өзінде төрт ауылдық округ тұрғындарымен кездесуде белгілі болғандай ең әлеуметтік дүмпу туғызатындай өзекті мәселе – жеке үй салып аламын деушілерге жер берілмеуі. Соған байланысты, Сауран ауданының әкімдігі жобалау компаниясымен меморандумға отырып, тегін 12 ауылдық округтегі 36 елді-мекенге дейін барлығының инфрақұрылымын жасаудың 40-тан астам жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге кіріскен. Жобалауға кететін үнемделген қаржы сол елді-мекендерден жеке үй салуға берілетін жерлердің инфрақұрылымын жасауға жұмсалатын болады. Ауданның барлық елді-мекендер жөніндегі Бас жобасы жақында өтетін аудандық мәслихаттың бірінші сессиясында бекітілмек.

-Біз алдымен үй салуға берілетін жерге су мен жарық жеткізілуін қадағалаймыз. Жолға тас төсеу басқа да нәрселері кезең-кезеңімен жасалады. Одан кейін ауылдың ішіндегі тұрғын үйлердің арасындағы бос жерлерді де бере бастаймыз. Оған инфрақұрылым жасау онша қиындық келтірмейді.
Осылайша, Сауран ауданының әкімі Ғалымжан Үсенбаев Шыпан мазараты маңындағы дау-дамайды шешті. Ауылдағы басқа да өзекті мәселелерді кесте бойынша келесі аптаға белгіленген Жүйнек ауылдық округі тұрғындарымен кездесуде асықпай қарауға уәде берді.