ОБЛЫСТЫҚ «АРАЙ» ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ

495 көрілім

Түркістан облысының 5 жылдық мерейтойы жыл көлемінде тойланып келеді. Жаңарған қаладағы «Фараб» кітапханасында өтіп жатқан «Арай» эстрада әншілері мен мәдени іс-шара жүргізушілерінің сайысы да облыстың 5 жылдығына арналған. 17-18 мамыр күндері аралығында өтетін сайысқа аудандар мен қалаларда өткен іріктеулерден іркілмей өткен үздіктер бақ сынауда.


«Арай» фестивалі жыл сайынғы дәстүрге айналған сайын. Аталған байқау арқылы елге танылып, эстрада жұлдызы атанғандар да жетерлік. Бүгінгі таңда қазақ сахнасының төрінде жүрген «Жігіттер» квартеті, әнші Бауыржан Исаев осы конкурс арқылы қанат қаққан. Бүгінгі жас өнерпаздар да сол жолды қайталауға ниетті.

Кіл мықтылар жиылған жарысқа қазылық ететін әділқазылар алқасы да байқаудың оңай болмайтынын жасырмады. Қара қылды қақ жаратын қазылар құрамында профессор, журналист, ғалым, композитор Бекжігіт Сердәлі, ҚР Мәдениет қайраткері, өнертанушы Гүлбала Абуова, музыкалық продюсер, қюшы режиссер Бахыт Тажинов пен ҚР Жазушылар одағы, Түркістан облыстық филиалының төрағасы Айдар Сейдазым бар. Екі күнге созылатын сайыстың жеңімпаздарына арнайы алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар қарастырылған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы