Аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов жауапты мамандармен бірге ауданымыздағы ең ірі өндіріс ошақтарының бірі саналатын әк зауытында болып, бүгінгі жағдайымен танысты.

Түлкібас ауданына қарасты Түлкібас кентіндегі әк зауыты кеңес одағынан бері өз жұмысын жалғастырып келеді. Бүгінде аталған өндіріс ошағында екі ауысыммен 90 адам жұмыс атқарып отыр.
Тәулігіне 70 тонна әк тасын өндіріп отырған зауыт бүгінде модернизациялауды қажет етеді.
Зауыт директоры Абдыбекова Перизат Қасқырбекқызы аудан басшысынан өндіріс ошағын жаңалап, кем-кетік тұстарын реттеу бойынша қомақты қаржы керектігін айтып, мемлекет тарапынан жеңілдетілген несие алуға қолдау көрсетуді сұранды.

Нұржан Жақсылықұлы ұсыныстарды назарға алып, тиісті бөлім басшысына қажетті құжаттарды дайындауды тапсырды. Сонымен қатар, зауытты жандандыруға қолдау көрсету мақсатында облыс басшылығына нақты ұсыныстар беріліп, тиісті жұмыстар жүргізілетіндігін атап өтті.