Сауран ауданының әкімі Ғалымжан Үсенбаев Ескі Иқан ауылдық округіндегі салынып жатқан бірнеше әлеуметтік құрылыс нысандарын аралады. Атап айтсақ, алдымен жаңадан салынып жатқан полиция бекетінің ғимаратының жұмысымен танысты. Сонымен қатар, Қ.Исмаилов көшесінің бойындағы ауыл тұрғындарының ұйымдасуымен бой түзеп жатқан демалыс аллеясы, балалар ойын алаңшасына барып, ауыл тұрғындарымен жүздесті. Аудан әкімі кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан ұйымдастырылып жатқан игілікті жұмыстарына оң бағасын беріп, пікір алмасты.

Бұдан бөлек, Ескі Иқан ауылындағы ауыл шаруашылық жерлерінің сорлануының алдын алу мақсатында ирригациялық жүйелері жаңаша жетілдіру жобасының екінші кезеңі бойынша атқарылып жатқан тиісті жұмыстарды бақылады. Сонымен қатар, ауылдағы Шолпан көшесіндегі жоспарланып жатқан демалыс аллеясының жоспарымен танысты.

Аудан әкімі Ғалымжан Қарабайұлы Ескі Иқан ауылдық округіндегі нысандарды бақылап, пысықтап, кейбір мәселелер төңірегінде ауылдық округ әкіміне, тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар беріп, мерзімінде орындалуын жүзеге асыруды міндеттеді.