- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Шардаралық Мекенбай Мұса комбат джиу-джитсу спортынан өткен Еуропа кубогінде күмісті қанжығаға байлап, үздіктер қатарынан табылды.

Мамыр айының 11-14 күндері Словакия елінің Стражске қаласында ересектер арасында өткен “COMBAT JU-JUTSU” спортынан Еуропа кубогі Мекенбай Мұса үшін алғашқы байрақты бәсеке емес. Ол өткен жылы Испанияда өткен әлем чемпионатында 77 келі салмақ дәрежесінде алтыннан алқа тағып, аудан тарихындағы алғашқы әлем чемпионы болған еді.