- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Түркістан қаласындағы «Фараб» кітапханасында «Отбасы.Тұлға. Азаматтық қоғам» – атты Түркістан облысының ата-аналар форумы өтті. Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы және «Түркістан облысының ата-аналар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен шараға облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, ҚР Президентінің жанындағы «Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат» жөніндегі Ұлттық комиссия мүшесі Баян Жандосова мен «Түркістан қалалық әйелдер алқасы» ҚБ төрайымы Ұлжалғас Әбенқызы арнайы қатысты.

Жиында алғашқы болып сөз сөйлеген Бейсенбай Дәулетұлы отбасындағы тәрбиенің маңыздылығына тоқталып, ата-аналарға тәрбие тал бесіктен басталатынын естен шығармау керектігін айтты. Ал, Баян Айтбекқызы қазіргі таңдағы ажырасудың көптігіне тоқталып, бала психологиясының тұрақтылығына әкенің де, ананың да маңыздылығын тілге тиек етті. Ұлжалғас Әбенқызы да азаматтарды бала тәрбиесіне немқұрайлы қарамау керектігін ескертіп, оларға қолдау көрсетуге шақырды.

Форум ата-аналармен тренингке жалғасты. Қызықты сергітулер арқылы жиынға келушілер бала тәрбиесі бойынша пікір алмасып, тәжірибе бөлісуге мүмкіндік алды.
Досхан ТӨЛЕГЕНОВ