ОТЫРАР АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ

1  357 көрілім

Отырар аудандық мәдениет сарайында Ұлы ғұлама ғалым Әбу Нәсір әл – Фарабидің өмір жолы мен шығармашылығын дәріптеу мақсатында «Әбу Нәсір әл – Фараби оқулары» облыстық байқауы өтті.

Шараға келген қонақтар алдымен мәдениет сарайының фойесіндегі суретші Әділхан Мәліктің тақырыптық сурет көрмесін және Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі мен Әл Фараби атындағы руханият музейінің тарихи құнды жәдігерлермен толықтырылған көрмелерін тамашалады.

Мұнан соң сахна шымылдығы аудан өнерпаздарының театрландырылған қойылымымен түріліп, Отырар топырағында туылып әлемді мойындатқан ұлы тұлағалар келешек ұрпаққа өсиеттерін айтты.

Байқауды аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов ашып беріп, ғұлама ғалымның еңбектері сарқылмас мәңгілік рухани азық болатынын кейінгі ұрпақ білуі тиіс екенін жеткізсе, Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің директоры Жангелді Махашов оқушылардың кітап оқуға, өз тарихын танып білуге деген қызығушылығын арттыруда бүгінгі облыстық байқаудың маңыздылығын айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Ұлы Дала елі тарихындағы баба мұраларын насихаттау арқылы өскелең ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беру мен бабалар мұрасына деген жастардың құрметін арттыру мақсатында ұйымдастырылған байқауда облысымыздағы аудан-қалалардан келген 16 үміткер қатысып, үш кезең бойынша бақтарын сынады.

Облыстық байқауда ұлы бабаның шығармаларын жете түсініп, оны көпшілікке жеткізе білгені үшін әділ қазылардың қорытындысымен Бас жүлде Ордабасы ауданынан қатысқан Ибадулла Шұғылаға бұйырса, бірінші орынды отырарлық Алдаберген Диас иеленді. Екінші орынға Сауран ауданынан келген Оразбек Гүлбаршын ал, үшінші орынға Төлеби ауданынан келген Мақұлбек Бекнұр лайықты деп танылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы