Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан ерлер және әйелдер арасындағы Азия Чемпионатында Түркістан облысы Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы 102 келі салмақ дәрежесінде сайысқа түсіп, ел қоржынына Азияның алтынын салды.

Нұрғиса жұлқа көтеру бойынша 181 келіні бағындырып кіші күмісті иеленсе, серпе көтеруден 219 келіні бағындырып кіші алтын медальді жеңіп алды. Жалпы есепте, жерлесіміз 400 келі зіл темірді бағындырған. Айта кетейік, 23 жасар зілтемірші былтыр Колумбияда өткен әлем чемпионатында күмісті қоржынға салған еді.