- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Қазақстандық боксшылар тарихи нәтижеге қол жеткізді. Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен былғары қолғап шеберлерінің жаһандық додасы өз мәресіне жетті. Әлемнің үздіктері бас қосқан сайыста ұлттық құрамамыздың жұдырықты оғландары 4 алтын, 1 күмісті қанжығаға байлап, жалпы командалық есепте 2-орынға жайғасты. 48 келі салмақта шашасына шаң жұқтырмаған Санжар Тәшкенбай алтыннан алқа тақса, 54 келіде Махмұд Сабырхан, 71 келі салмақта Асланбек Шымбергенов, 80 келіде Нұрбек Оралбай қарсылас шақ келтірмеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы ел абыройын асқақтатқан спортшыларды әлеуметтік желідегі жазбасында құттықтап, жекпе-жектерді зор қызығушылықпен тамашалағанын жеткізді. Сонымен қатар, Қазақстан Бокс Федерациясының президенті Кеңес Рақышев Ташкентке арнайы келіп, қолдау білдірген жанкүйерлерге өз алғысын жеткізіп, тарихи жетістікпен Қазақстан халқын құттықтады.

Айта кетейік, Ташкенттегі «Хумо» аренаға жиылған қазақстандықтар жеңіс тұғырынан көрінген оғландармен бірге мемлекеттік Гимнді жанды дауыста және толық орындап, әлем жұртшылығын таңдай қақтырды.
Жеңісті күндерде жүздескенше!