МАҚТААРАЛДЫҚТАРҒА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

479 көрілім

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің тапсырмасына сәйкес, жаңадан енгізілген Әлеуметтік кодексті, оның ішіндегі әлеуметтік саладағы өзгерістер мен толықтырулар және зейнетақы мен жәрдемақылардың мөлшерінің арттырулары бойынша Мақтарал ауданының тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Ғ.Боранбеков, облыс бойынша “Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры” АҚ филиалының директоры А.Кенжебаев, Еңбекті әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің облыс бойынша департаментінің бөлім басшысы Б.Ерімбетов және аудан әкімінің орынбасары А.Ешанқұлова, ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Н.Елшібаев, ауданның “Жұмыспен қамту орталығы” КММ-нің директоры М.Әжіқабловтар бастаған арнайы жұмысшы топ аудан аумағындағы кенттер мен округтерді аралап, мемлекет тарапынан әлеуметтік көмек алатын тұрғындармен кездесулер өткізді.

Кездесу жиындарында жаңадан қабылданған Әлеуметтік кодекстегі мемлекеттік әлеуметтік саясаттың ортақ қағидаттары мен бағыттары туралы кеңінен түсіндірілді. Атаулы әлеуметтік қолдауды күшейту, әлеуметтік сақтандыру және зейнетақы жүйесін дамыту, мүгедектер үшін арнаулы әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру, цифрлық жұмыспен қамту орталықтарын құру және еңбек нарығын ырықтандыру бағытындағы жаңа өзгерістер жайлы айтылды.

Айта кетейік, өмірлік қиын жағдайға тап болған адам мемлекет тарапынан қандай әлеуметтік қолдау шаралары барын және оны шешудің ықтимал жолдарын Жаңа Кодекс арқылы анықтай алады. Кодексте әлеуметтік қолдау бағыттарының орналасуы, адам өмірге келгеннен бастап кәрілікке дейінгі қолдау шаралары белгіленген.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы