Түркістан қаласындағы Жеңіс саябағында Отан қорғаушылар күні мен Ұлы жеңіс мерекесіне орай шара өтті. Жиынға ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменттің бастығы ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры Марат Абдильманов пен басшылық құрам, басқарма басшылары, осы саланың ардагерлері қатысты. Даңқ мемориалына гүл шоқтары қойылып, соғыста шейіт болған ардагерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, рухына тағзым етті.

Салтанатты шарадан соң департамент басшылыры облыс орталығында тұратын ҰОС ардагерлері Әбжаппар Дайрабайұлы мен Немет Абдрасиловтың шаңырағына арнайы барды. Ғасырдың жүзін көрген қарияларды мерекемен құттықтап, сый-сияпаттарын тарту етті. Ат басын бұрған жандарға алғысын айтқан ардагерлер жұмыстарына сәттілік тілеп, батасын берді.

Айта кетейік, қазіргі таңда Түркістан облысында 4438 адам ҰОС ардагерлері және оған теңестірілгендер есебінде. Оның ішінде 14 Ұлы Отан соғысы ардагері бар. Жалпы, 4438 ардагерге Ұлы Жеңіс мерекесінің құрметіне бір реттік материалдық көмек төлеу үшін аудандық, қалалық бюджет есебінен 175,5 млн. теңге қаржы бөлінген. ҰОС ардагерлеріне 1,5 млн. теңгеден үлестірілсе, 4400-ден астам тыл еңбеккерлері мен қаза болған жауынгердің жесірлеріне және басқа да санаттардағы ардагерлерге қаржылай көмек қарастырылған
