ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

513 көрілім

Келес ауданының Ақтөбе ауылдық округіндегі балық шаруашылығы дамып келеді. Лесбек батыр елді мекенінің аумағындағы Келес өзенінің бұрынғы арнасына арнайы бассейндерді құрған «Тамсан БТА» өндірістік кооперативі 300 мыңға жуық балық өсіруде. Кәсіпкердің жұмысымен арнайы танысқан Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев балық шаруашылығын дамытуға мемлекеттік көмектерді көрсетуді айтты.

Қазіргі таңда аталған өндірістік кооперативте 40 мүше тіркеліп, барлығы балық өсіруге ниеттеніп отыр. Оларға «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында аз пайызбен несие беру бағытында шаралар атқарылуда. Аудан әкімі тиісті бөлім басшысына өндірістік кооператив мүшелерімен бірге ірі балық шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлердің басын қосып, тәжірибе алмасу семинарларын өткізуді және мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектерді рәсімдеу бойынша жұмыс атқаруды тапсырды. Бүгінде шаруалар балықтың үш түрін өсіріп жатқан болса, алдағы уақытта басқа да түрлерін өсіруді қолға алмақ.

Аудан әкімі Ақтөбе ауылдық округіндегі елді мекендерді араларап, қажетті тапсырмаларды жүктеді. Ескіқорған елді мекеніндегі шекара кеден бекетінің маңын абаттандыру, елді мекендерге ағын су жеткізу, тазалық мәселесі жөнінде жұмыс жоспары бекітіліп, орындалуы бақылауға қойылды. Соңғы кездері түйіткілді мәселеге айналған Жаңадәуір ауылындағы мәдениет үйінің бүгінгі жағдаймен танысып, жөндеу жұмыстарын жүргізуді атап өтті.

Сонымен қатар, Ынтымақ елді мекеніндегі ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтуды және ағын суды қажетті деңгейде жеткізу бойынша жауаптыларға нақты тапсырмаларды жүктеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы